Тауда жоғалған Корея азаматы әлі табылмады

Тауда жоғалған Корея азаматы әлі табылмады
ТЖМ

Алматыда тауда жоғалған Корея азаматы әлі табылмады, деп хабарлайды dalanews.kz.

ТЖМ мәліметінше, жету қиын учаскелерге, соның ішінде тау беткейлері, шатқалдар және басқа да аумақтарға ерекше назар аударылып отыр.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, еріктілер, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Барлығы шамамен 90 адам, 10 техника, 3 кинологиялық есеп, 7 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ, ТЖМ авиациясы жұмылдырылған. Іздестіру-құтқару операциясы ТЖМ-ның тұрақты бақылауында.

Айта кетейік,  1953 жылы туған азамат "Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы тауға көтерілген. Кейін маршрутты өздігінен жалғастырып, қалаға өзі қайтатынын айтқан. Алайда 29 қыркүйектен бері оның қайда екені белгісіз.