Киберспорттың жұлдызы

Dalanews 02 желт. 2021 06:48 268

Dalanews.kz және «Шеврон» компаниясының бірлескен жобасы

Киберспорт. Біреулер бұл спорт емес дейді. Бірақ аға буын өкілдерінен гөрі жастар қауымына жете таныс ұғым, әлемде компьютер пайда болғалы алғашқы қадамын басқан екен. Аты айтып тұрғандай, жарысқа негізделген, бірақ дәстүрлі спорттық сайыстар емес, виртуалды бәсеке.

Бүгінде бұл спорт түрімен  таныс емес жеткіншек кемде-кем.  Сізге таңсық, ал Абай сынды азаматтың атын шығарған киберспорт дәлірек айтсақ, киберспорт бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Абай Хасеновтың жеңісті жолын оқырман қауымға жария етпекпіз.

Абай «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңім­па­зы.

Бүгінде ол ТМД кеңістігінде ғана емес, күллі әлемге танымал жан. Қазақстаннан «CS:GO» командасында кәсіби ойыншы. 20 жастағы Абай Хасеновтың (Хоббит) есімі киберспорттың қазақстандық жанкүйерлеріне ғана емес, алты құрлыққа аты мәлім.

Кәсіби спортты 20 жасында бастаған жас жігіт ойын қоғамдыстығының назарын өзіне тез аудара білді. 2017 жылы Хоббиттің мансабында ғана емес, бүкіл ТМД-ның киберспорттық қауымдастығы үшін де маңызды жыл болды.

PGL Krakow Major әлемдік деңгейдегі турнирде «Gambit Gaming» ойыншыларының жеңіс туралы жаңалық бүкіл әлемді шарлады, барлық БАҚ  құрамындағы үш қазақ туралы жарыса жазып, жетістіктеріне дүйім жұрт тәнті болды. Сол жарыста олар 500 мың ақш долларына ие болды. Атақ пен ақша масайратпаған Абай өзінің осы спорт түріне қалай келгенін баяндап берді.

«Бала кезімде футбол ойнағанды ұнататынмын. Бірде үлкен ағам Counter Strike ойынын ойнауға шақырды және осы сәттен бастап Hobbita eSports парағы дүниеге келді. Мен үнемі жоғары мақсаттар қоюға тырыстым. Бірақ шыны керек киберспорттағы өзімнің кәсіби мансабымды 20 жасында бастадым.



Бұл виртуалды ойын үшін өте кеш. Бірақ соған қарамастан көптеген рекордтар жаңарттым. Бес жыл бойы  Tengri, Winstrike, Hell Raisers және Gambit командаларында ойнап, көптеген беделді турнирлерде жеңіске жетіп, 250 000 долларға жуық табыс таптым» дейді киберспорттың жарық жұлдызы.

Тоқсаныншы жылдардың аяғында киберспорт компьютерлік клубтердегі әуесқой топтар арасындағы жарыс түрінде өтіп келсе, осыдан он жылдай бұрын киберспортпен кәсіби түрде айналысатын топтар құрылды.

Қазіргі таңда киберспортпен кәсіби түрде әртүрлі салалық сарапшылардың есебінше 400-500 адамға жетіп қалуы мүмкін дегенді айтады. Киберспортты бәз біреулер жасөсіпірімдердің ермегі деуі мүмкін.  Алайда, дүние жүзінде киберспорт жарыстарын 300 миллионнан астам адам тамашалайды екен.

Жерлесіміз Абай (Хоббит) деген бүркеншек есіммен танымл ойыншыға күллі әлем көз тігіп, танымал геймерлердің қатарына қосты.  Оған АҚШ, Еуропа, ТМД ұжымдары қызығушылық танытты.


Алайда жеңіспен жеңіліс қатар жүретіндіктен, біраз уақыт демалыс алып, танымал еткен киберспортқа қайта оралды.

«Иә, киберспортқа оралу өте қиын болды. Өзіне деген сенімділік – спорттағы маңызды нәрселердің бірі. Ал сіз ұзақ уақыт ойнамасаңыз, ол жоғалып кетуі мүмкін. Менің жолым болды-менің ағам, ата-анам, әйелім, балам бар. Олардың барлығы мені ынталандырды, қолдады, қуат берді. Өзіме деген сенімділігім артты. Содан кейін қажетті команданы таптым.  2020-шы жылдың қазан айында Gambit-тің жаңа құрамына қосылдым.  Егер жеңістерді басынан кешірген    Gambit тәжірибелі ойыншылардан тұрса, қазіргіге ірі жеңістердің дәмін ттапаған жас жігіттер кірді. Бірақ бізде тәртіп бар. Ойын бар. Азулы командаға айналды», – дейді.

Хоббит Gambit-тің жаңа құрамына кірген сәттен бастап олар Counter-Strike ойыны  бойынша тоғыздан астам ірі онлайн турнирлерде жеңіске жетті.

Мысалы, ақпан айында олар жылдың басты жарыстарының бірі-IEM Katowice 2021-де 400 000 долларға ие болса, ал маусым айында BLAST Premier: Spring Finals турнирінде бірінші орынға қол жеткізді. Олардың бестігі шамамен $225 000 жүлде қорына ие болды. Gambit hltv рейтингісінде (CS:GO бойынша киберспорт командаларының рейтингі) жоғарғы орынға көтерілді және осы күнге дейін көшбасында тұр.

Әрине киберспортта барлығы Абай сияқты табысқа жете алмасы анық. Оның айтуынша жақсы ойнау әрдайым жеткіліксіз,  сәттілік факторы үлкен рөл атқарады екен. Қазақстандағы киберспорттың жұлдызы Абай Хасенов отбасын құрған, кішкентай ханшайымын тәрбиелеп отырған үлгілі отағасы. Сонымен қатар, жеке кәсіп ашып, бала күнгі арманын іске асырып, компьютер клубын ашты.

Елімізде 2017-шы  жылдың желтоқсанында киберспортқа жанашыр жас азаматтармен құрылған «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.  Аз уақыт ішінде еліміздің басым бөлігінде өз өкілдіктерін ашып, дүниежүзілік киберспорт ұйымдарында мүшелікке ие болып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінде ресми акредиттеуден өтті.  Осылайша Абай Хасеновқа еліктеген жастар өсіп, дамытуға күш салуда.

Қуаныш Рахметоллаұлы


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар