Криптовалюта мен қаржы технологиясының экожүйесі: Тоқаев Чанпэн Чжаоның үлесін жоғары бағалады

Dalanews 02 қаз. 2025 15:43

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылы 1 қазанда  Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті.

Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.

Айта кетсек, 2024 жылы көктемде АҚШ соты Чанпэн Чжаоны төрт айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Оған "өз платформасында ақшаны жылыстатуға мүмкіндік берді" деген айып тағылған еді. Қараша айында кәсіпкер Binance басшылығынан кетіп, АҚШ-тың ақшаны жылыстатуға қарсы заңдарын бұзды деген айыбы бойынша өз кінәсін мойындағаны туралы хабарланған. Сондай-ақ ол өзіне салынған 50 миллион доллар айыппұлды төлеуге келісті, ал компанияның өзі АҚШ билігіне 4,3 миллиард доллар төлеуі керек болған. Forbes басылымының мәліметінше, Чанпэн Чжаоның байлығы 65,7 миллиард долларды құрайды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдағанын жазғанбыз.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар