Кремль Трамптың Путинге ескертуіне қатысты жауап берді. Трамптың санкциялар жайлы ескертулерінде «жаңалық жоқ», «ол бұл әдістерді ұнатады», ал Ресей «тең құқықты және өзара құрметке негізделген диалогқа» дайын деп мәлімдеді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп хабарлайды Dalanews.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Ресей АҚШ президенті Дональд Трамптың санкциялар мен тарифтерді арттыру туралы қатерлерінде ешқандай жаңалық көріп отырған жоқ, себебі ол өзінің алғашқы мерзімінде мұндай мәлімдемелерді жиі айтатын дейді Песков.
«Мұнда ерекше жаңа нәрсені көріп тұрған жоқпыз. Сіздер білесіздер, Трамп өзінің президенттігінің алғашқы мерзімінде санкциялық әдістерге жиі жүгінген Америка президенті болды, ол бұл әдістерді ұнататын, жалпы сол кезде ұнататын әдісі бұл. Біз, әрине, барлық риториканы және мәлімдемелерді мұқият бақылап отырмыз. Барлық нюанстарды мұқият тіркеп жатырмыз», – деді президенттің өкілі.
Песковтың айтуынша, Ресей «тең құқықты және өзара құрметке негізделген диалогқа» дайын, ол Трамптың алғашқы мерзімінде екі президент арасында болған.
«Қазірше ешқандай сигнал түскен жоқ», – деп қорытындылады Песков.