Конституциялық Сот жаңа Конституциядағы лауазымдарға қатысты түсініктеме берді

Конституциялық Сот жаңа Конституциядағы лауазымдарға қатысты түсініктеме берді
Ашық дереккөз.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Президенттің өтініші бойынша жаңа Конституциядағы бірқатар мемлекеттік лауазымдарға қатысты нормаларға ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Конституциялық Соттың мәліметінше, 2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағында, 72-бабының 2 және 3-тармақтарында, 83-бабының 1-тармағында және 84-бабының 3-тармағында көзделген шектеулер тек жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі сайлану немесе тағайындалу жағдайларына қолданылады.

Сот 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде атқарылған қызмет мерзімдері мен сол кезеңдегі сайлану немесе тағайындалу фактілері жаңа Конституциядағы шектеулерді қолдану кезінде есепке алынбайтынын атап өтті.

Осыған байланысты, 1995 жылғы Конституция бойынша тиісті лауазымдарды атқарған азаматтар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін сол қызметтерге қайта сайлана немесе тағайындала алады.

Конституциялық Соттың ресми түсіндіруіне сәйкес, мұндай жағдайда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі сайлану немесе тағайындалу алғашқы рет сайлану немесе тағайындалу ретінде қарастырылады.

Айта кетейік, Конституциялық Сот бұл түсіндіруді Президенттің 2026 жылғы 15 наурыздағы ресми өтініші негізінде қабылдады.