Мәжіліс депутататтары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, коммуналдық тарифтерді енді АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) байлау көзделген. Депутат Екатерина Смышляева осындайда төлем айтарлықтай өсе қоймайды деп сендірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, ТКШ мәселелері жөніндегі заң жобасына тұрғындардан алынатын екі салымның түрі айқындалған: мақсатты және жинақ түріндегі жарналар.
"Бүгіндері тарифтерді мәслихаттар бекітеді. Алайда мәслихаттар бұл қадамға баруға құлықсыз, өйткені тарифті көтерсе, сайлаушылар аттандап шығады. Сондықтан мәслихаттар бірнеше жыл бойы оны көтермей келген, ал төмен тарифтермен үйде күтіп-баптап ұстау күннен күнге қиындап барады. Біз басқарудан бөлек тұрғын үй қорын сақтау қоры барын да білеміз", - деді депутат.
Ол осы себепті заң жобасында тарифті АЕК-ке байлау турасы қызу талқыланғанын, сондықтан ол автоматты түрде индекстелетінін және мәслихаттар бұл мәселеге енді бас ауырта бермейтінін атап өтті.
Депутаттың айтуынша, қазір тұрғын үйлерге қызмет көрсету тарифтері төмен және оны мәслихаттар бекітеді: бір жерде ол 50 теңге, 52 теңге немесе 57 теңге.
"Идея бойынша тарифтер жыл сайын қайта қаралып отыруы тиіс, өйткені тұрғын үй қорын ұстау маңызды міндет болып табылады. Егер ең төменгі тариф қайта қаралмаса, оның өсімі жалпы дауыс беру арқылы қарастырылуы тиіс және міндетті түрде тұрғындармен жиналыста өзара келісілуі керек. Тиісінше, тарифтерді ешкім өз еркімен көтере алмайды. Екінші жағынан, басқарушы компаниялар тарифтерді күрт көтеруі мүмкін. Біздің ойымызша, тариф АЕК-ке байланса, күрт өсім болмайды, өйткені АЕК біркелкі өседі. Тиісінше, тариф бірнеше теңгеге ғана ұлғаяды, бұл қазақстандықтардың бюджетіне ауыр соққы болмайды. Мұндай есептеу тетігі халықтың қалтасына салмақ салмай, тұрғын үйді күтіп-баптап ұстауға қажетті қаражатты жинауға мүмкіндік береді", – деді Смышляева.
Айта кетсек, әсіресе Алматы тұрғындары коммунальдық тарифтер өсіміне қатты бой ұрып отыр. Бір жылдағы өсім, әсіресе жайлы тұрғын үйлерде 100 пайызды қамтыған.