Семейде полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға Қарағайлы шағынауданында болған. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Toyota RAV4 көлігінің капотында жолаушы отырған видеоны анықтаған.
Көлік тізгінінде қаланың 22 жастағы тұрғыны болған. Ол жолаушыны көліктің салонынан тыс тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, жол жүрісі қағидаларын бұзып, қозғалыс кезінде көлік капотында отырған 24 жастағы жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылған.