Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көлік әйнектерін күңгірттеуге қатысты талаптар сақталуына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Көлік әйнектерінің шамадан тыс күңгірттелуі жүргізушінің көру мүмкіндігін шектеп, жолдағы жағдайды дер кезінде бағалауына кедергі келтіруі мүмкін. Әсіресе, алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектердің жарық өткізу деңгейіне қойылатын талаптарды сақтау өте маңызды.
Полиция қызметкерлері Павлодар - Қызылорда тасжолында алдыңғы бүйір әйнегіне жабын жапсырылған көлікті тоқтатқан.
Сондай-ақ, Павлодар қаласында Toyota көлігінің жүргізушісі алдыңғы әйнегіне жарық өткізуді шектейтін жабын жапсырылған көлікті басқарғаны анықталды.
"Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлікті басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айдын Нұрымов.