Президент сенімі
Иә, осындан біршама уақыт бұрын Кәрім Көкірекбаевты орыс тілді ақпарат құралдары сын садағына алып, ілік іздегені есімізде. Бірақ арзан сенцацияға құмар орыс тілді ақпарат құралдарының еліміздегі қазақы облысты 4 жылдан бері басқарып келе жатқан Кәрім Насбекұлының сағын сындыра алмағанын бәріміз білеміз.
Білікті теміржолшы ретінде қалыптасып, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы мен қоршаған ортаны қорғау саласында көптеген тәжірибе жинаған Кәрім Көкірекбаевты республикадағы инфрақұрылым саласын жетік білетін кадрлардың бірі десек қателеспейміз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Көкірекбаевты Жамбыл облысы әкімі қызметіне тағайындағанда оның еліміздің ірі компаниясы мен облыс басшысының орынбасары қызметін атқарып мол тәжірибе жинағанына баса көңіл бөлгені анық.
Премьердің есігін қаққан әкім
Жамбыл облысы тоғыз жолдың торабында орналасқан, әрі шекара маңында орналасқан еліміздегі маңызды облыстардың бірі. 2008 жылдан бері табан аудармастан қасиетті Әулиеата жерінде еңбек еткен Кәрім Насбекұлы обылстың тыныс-тіршілігін барынша меңгерген басшы десек артық айтқандық болмас еді.
Айтпақшы, оның 1999-2000 жылдары Жамбыл облысындағы ең үлкен аудан Мойынқұм ауданының әкімі болғанда Нұрлан Балғымбаев Үкіметінен Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық дауы үшін 50 млн. теңге бөлгізгенін сол кезде жамбылдықтар көзсіз «ерлік» болғаны есімізде.
Өйткені ауданәкімінің облыс басшысын айналып өтіп, Үкімет Төрағасынан ауданның әлеуметтік-экономикалықдамуы үшін қаржы сұрағанын Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бұрын-соңды кездеспеген жайт қой. Бұдан не байқауға болады?
Біріншіден, Кәрім Көкірекбаевтың алдына қойған мақсатына қол жеткізуде тәукелге бара алатын басшы екенін аңғарамыз. Өзіңіз ойлаңызшы, қай ауданның басшысы облыс басшысының алдынан өтпестен, Үкіметтің есігін қағуы мүмкін. Сондықтан Көкірекбаевтың бұл «әрекеті» сол кездегі шенділердің таңданысын тудыруын түсінуге болады. Көкірекбаетың сол бір өжеттігі қазіргі әкімдерге жетпей жататыны жасырын емес.
Екіншіден, сол кезде Кәрім Көкірекбаев өзінің осы бір әрекетіне сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтың түсіністікпен қарайтынын сезген де болуы керек.
Орынбасар феномені
Елбасы Көкірекбаевтың кандидатурасын Жамбыл облысының әкімі қызметіне құп көргенде оның 2008 жылдан бері өңірді басқарған Бөрібай Жексембин мен Қанат Бозымбаевтың кезінде орынбасарлық қызметті мінсіз атқарып, Жамбыл облысындағы әлеуметтік-экономикалық даму жүйесін әбден меңгергенін және осыған дейін қолға алынған маңызды жұмыстарды ары қарай жалғастыратындай облыс көлемінде үлкен саяси салмаққа ие болғанын есепке алғаны анық.
Жалпы, ұзақ жыл әкімнің орынбасары қызметін мінсіз атқарып, өңірдің экономикасын бес саусағындай білетін білікті кадрға облысты басқару тізгінін сеніп тапсыру Қазақстанның саяси билік жүйесінде өзін ақтаған амал-тәсіл десек болады.
Біздің бұл сөзімізге Кәрім Көкірекбаев пен Амандық Баталовтың ел дамуы жолындағы іс-әрекеті айқын мысал бола алады.
Экономикасын сәтті диверсификациялаған өңір
Көпшілігіміз Жамбыл облысын ауыл шаруашылығы арқа сүйеген, өнәркәсбі дамымаған өңір ретін қарастырумыз. Бұл – үлкен қателік. Егер соңғы ондаған жылда Әулиеата жерінде өнідірістің өркендеуін есепке алып, ой тұжырымдасақ, Жамбыл облысы химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығаратын негізгі облысқа айналғанын байқаймыз. Енді осы жетекші салалардың қалай дамығанына аз-кем тоқталсақ.
Алдымен құрылыс материалдары өндірісі жайында сөз қозғасақ. 2008 жылдары елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, баспана бағасының шарықтағанда, бағаның қымбаттауына цементтің белгілі деңгейде әсер еткен еді. Міне, сол кезде Жамбыл облысы тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілген Алматыдағы құрылыс компаниялары үшін цемент өндіретін негізгі кәсіпорындарды құрып, жедел іске кірісті. Құрылыс нарығындағы цементке деген сұранысты айтарлықтай төмендеткені белгілі.
Бұдан басқа «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің салынуы да Жамбыл облысындағы цемент және битун зауыттарының қанат жаюына ықпал еткені айтуға тиіспіз. Міне, сол кезде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Кәрім Көкірекбаев осы өнідіріс ошақтарының дамуына барынша ықпал етті.
Бір сөзбен айтқанда Кәрім Насбекұлы Алматыдағы тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруі және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы Жамбыл облысында құрылыс материалдарын шығару ісіне айрықша серпін беретінін ерте бастан сезіп, бұл бағыттағы жұмыстың қарқынын бәсеңдетпеуге барынша күш салды. Нәтижесінде Жамбыл облысының ең шет ауданы саналатын Мойынқұмда жылына 1 млн. тоннадан астам цемент өндіретін кәсіпорын пайда болды.
Енді химия өнеркәсібі жайында бірер сөз. 2008 жылдың өзінде Жамбыл облысы елімізде өндірілген химия өнеркәсібі өнімдерінің 30 пайызын өндіргенін ескерсек, өңірдің бар кіріс көзі ауыл шаруашылығына байланысты деп шектеп қою әділетсіздік болар еді. Облысхимиялық өнімдер өндіру бойынша республика бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын статистикалық деректер айқын дәлел болады.
Айталық, «ЕуроХим» ААҚ-ы 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы Гиммельфарбск фосфор кеніштеріне барлау жұмыстарын жүргізіп, жылына 5-6 миллион фосфорит кенін өндіру арқылы жалпы көлемі шамамен 1,4 млн. тонна азот пен кешенді минералды тыңайтқышын өндіруде. Келешекте «ЕуроХим» еліміздің химиялық кластерінің алып бір бөлшегіне айналары даусыз. Қазіргі таңда «ЕуроХим» компаниясының екі еншілес кәсіпорыны –«ЕуроХим – Тыңайтқыш» пен «ЕуроХим Қаратау» серіктестері сәтті жұмыс істеуде.
Сондықтан Жамбыл облысы Тәуелсіздік жылдары экономикасын диверсификациялаған көшбасшы облыстардың қатарынан өзін орынын айшықтады деп нық сеніммен айтуға болады. Бірнеше жылға тізбектелеген осы жұмыстардың сәтті атқарылуына Кәрім Көкірекбаев барынша үлес қосқанын ешкім жоққа шығара алмасы анық.
Ауылға ғылымның жетістігін жеткізген әкім
Кәрім Көкірекбаевтың ауыл шаруашылығы саласында ғылымға арқа сүйеп, дамытуға күш салуын өзге облыс әкімдеріне үлгі-өнеге қылуға болады. Біздің бұл сөзімізге Жамбыл облысы мен Алматыдағы Қазақ Ұлттық агаралық университеті ғалымдарының тізе қосып, жұмыс істеуі жарқын дәлел болады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында: «аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек» деп ерекше атап өткенін білеміз.
Бұл жерде ғылымның көмегінсіз ауыл шаруашылығы өркендету мүмкін емес. Жолдауда 5 жылдың ішінде суармалы егіс алқабын 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу көзделгені белгілі. Осыны жете түсінген Жамбыл облысы әкімдігі ҚазҰАУ тығыз жұмыс істеуге көшкенін оқу орын басшысы Тілектес Есполовтың өзі жоғары бағалаған-ды.
Жамбыл облысы бүгінде аграрлық секторды индустриалды-инновациялық жолмен дамытуға бет бұрған бірден-бір аймақ. Облысжайылымдық мал шаруашылығын дамытып, өзіндік құны арзан, сапасы жоғары мал өнімдерін өндіруге бет бұрып отыр. Бұл үшін өңірдегі жайылымдарды суландырудың тиімділігін арттыру қажет.
Міне, осы бір маңызды істі Жамбыл өңірінің еңбеккерлері ғалымдардың көмегімен шешуге күш салуда. Мұндай өзекті мәселелерді ғылымның инновациялық жетістіктерін пайдаланбай шешу мүмкін емес.
Сонымен қатар ҚазҰАУ ғалымдары өңірде малдың азықтық дақылдарды өсіріп, көкбалауса конвейірін жасау арқылы сүтті бағыттағы сиырлардың өнімін 3-3,5 есеге арттырып, әр сиырдан сауылатын сүттің мөлшерін 3,5-4 тоннаға жеткізуге бел буып отыр. Жалпы Жамыбыл облысының ауыл шаруашылығы саласын ғылымның көмегімен дамытуға бағытталған жұмыстары жеке тоқталуды қажетсінеді.
Тараз төрінде киелі той
Киелі Әулиеата жері жайында сөз қозғанда тарихты айналып өте алмайсың. Бұл ретте Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде өтуі жалпы республика тұрғындарының отансүйгіштік қасиетін арттыра түскеніне бәріміз куә болдық.
Мемлекет басшысының өзi тiкелей қадағалауына алған мұндай аса жауапты iс-шараны жоғары деңгейде өткізу Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаевқа үлкен жауапкершілігін жүктегіне белгілі.
Қазақ хандығының 550 жылдығы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғашқы Үкіметтің қаулысымен бекітілген ресми мереке. Осы бір дүбірлі тойды өз деңгейінде өткізу Кәрім Көкірекбаевтың саясат сахнасындағы беделін арттыра түскені даусыз шындық.
Нұрлан ЖҰМАХАН