Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok-та белсенді бола бастады

Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok-та белсенді бола бастады
ашық дереккөзден

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok желісінде белсенді түрде видео жариялай бастады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы әрі марқұм Рахат Әлиевтің баласы.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларының бірінде Лора өмірден өткен атасы Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтан Назарбаевты еске алып, оларға арнайы жазба арнаған.

Дереккөз мәліметінше, Нұралы Әлиев пен жұбайы Аида Әлиева төрт бала тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтарында Нұралы Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан. Сондай-ақ 10 қаңтар күні Instagram парақшасында The Spark of Light атты жаңа жобасын таныстырды.

Жобаның ресми ақпаратына сәйкес, оның негізгі бағыты – саналы өмір салтын қалыптастыру, ішкі үйлесім мен менталдық денсаулықты дамыту. Бастама адамдарға рухани тепе-теңдікке жетуге, өмірін саналы түрде құруға және жаһандық өзгерістерге бейімделуге көмектесуді мақсат етеді.

Лора Әлиеваның TikTok-тағы белсенділігі әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал әулет өкілдері туралы талқылауды қайта жандандырды.