Бір мекенжайға бірнеше шетелдік тіркелген: Жамбыл облысында заңсыз көші-қон схемасы әшкереленді

Бір мекенжайға бірнеше шетелдік тіркелген: Жамбыл облысында заңсыз көші-қон схемасы әшкереленді
Фото: ЖИ

Жамбыл облысында шетел азаматтарын жаппай жалған тіркеуге қойған "резеңке пәтерлер" анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Прокуратура мәліметінше, Қалғұты ауылындағы бір мекенжайға бірден 12 Өзбекстан азаматы тіркелген. Алайда олардың іс жүзінде Алматы қаласында тұрып, жұмыс істегені белгілі болған.

Осыған ұқсас жағдай Сортөбе ауылында да анықталған. Онда Қырғызстанның тоғыз азаматы жалған түрде тіркеуге қойылған. Тексеру барысында олардың да басқа өңірлерде жүргені белгілі болды.

Қадағалау органының мәліметінше, мұндай жалған тіркеулер көші-қон есебін бұрмалап қана қоймай, өзге де заңбұзушылықтарды жасыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық жалған тіркеулердің күші жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылған.