"Көбісі 5 мың теңгелік". Биылғы жарты жылда айналымнан 465 мың теңге жалған ақша алынды

Кәмшат Тілеухан 22 шіл. 2025 09:38

ҚР Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 465 150 теңгенің 93 жалған банкнота мен үш монетаны анықтады. Ұлттық Банктің баспасөз қызметі, көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалғанын нақтылайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"5 000 теңгелік 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ын құрады. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі", делінген хабарламада.

Ұлттық Банк шынайы банкноталарды қолдан жасалған ақшадан өз бетінше ажыратуға көмектесетін қарапайым ережелерді еске салады:

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

  • Жалған банкноталар, әдетте, кәдімгі офсеттік қағазға түрлі түсті принтер арқылы және компьютерлік техниканың көмегімен жасалады.
  • Микротекстер бұлыңғыр келеді және ұлғайтқан сайын анықтығын жоғалтады.
  • Жалған банкнотада сутамғы белгісі жоқ.
  • Патч элементінің көлемді бейнесі жоқ және кәдімгі бояумен басылған, күн белгісі сәулесінің жан-жаққа шашыраған голографиялық әсері мен номиналдың цифрлық кескінінен ою-өрнекке ауысу әсері болмайды.
  • Қорғаныш жібі динамикалық және түсін өзгерте алатын әсерден ада, әрі жарыққа тосып қарағанда тұтастығы байқалмайды.
Патч, элемент, жалған ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 20:50

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Шынайы банкноталарда көзбен қарап және қолмен ұстап анықтауға болатын бірнеше қорғаныш белгілері бар. Ол белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтында танысуға болады.

"ҚР Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға жол бермеу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде мұқият әрі сақ болуға шақырады. Егер шынайы ақша белгілеріне ұқсас күмәнді банкноталар кезігетін болса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінген жөн", делінген хабарламада.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар