2026 жылғы шілдеде Қазақстандағы айлық инфляция 0,6 пайыз болды. Бұл - маусымдағы 0,8 пайызбен салыстырғанда төмен көрсеткіш, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, шілдеде ең көп арзандаған өнімдер - маусымдық жеміс-жидек пен көкөніс.
Қияр бағасы 22,6 пайызға, қызанақ 17,7 пайызға, сәбіз 5,3 пайызға, банан 4 пайызға, алма 2,7 пайызға, апельсин 2,3 пайызға, лимон мен картоп 1,6 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, жұмыртқа 1,4 пайызға, арпа жармасы 1,3 пайызға арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында жүрген жеңіл көліктердің бағасы 3,8 пайызға, электр еттартқыш 2,2 пайызға, кір сабын 1,5 пайызға, смартфондар мен көзілдіріктер 1,3 пайызға, шаш бояуы 0,7 пайызға арзандаған.
Жылдық есеппен алғанда, 2026 жылғы шілдеде инфляция деңгейі 10,2 пайыз болды. Бұл маусымдағы 10,3 пайыздан төмен.
Бір жыл ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,7 пайызға, азық-түлік тауарлары 10,1 пайызға, ал ақылы қызметтер 9,2 пайызға өскен.