Қытаймен шекарада бірнеше күннен бері жүк көліктері қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа дерек
ulysmedia.kz мәліметінше, арасында адам қайтыс болған. Басылым көлік жүргізушілермен тілдескен. Олардың сөзінше, қазір кезекте тұрған көлік саны - шамамен 3-4 мың.
"Неше күннен бері ел кезекте тұр. Адам қайтыс болып жатыр арамызда жүрегі тоқтап. Бұл бірінші рет емес. Өткенде де осындай болып, тағы адам қайтыс болған... Қазір шамамен 3-4 мың көлік тұр. Алдында 70 шақырымға дейін тұрған. Қазір азайыпты ғой", – деген Руслан есімді көлік жүргізушісі басылымға.
Бұған дейінгі жағдай
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті 11 қарашада жағдайға пікір білдірді. Dalanews.kz бұл туралы жазған еді.
Сол кезде "Нұр жолы" өткізу пункті алдында шамамен 1500 жүк көлігі уақытша жиналғаны хабарланды. 8-12 қараша аралығында Қытай тарапы нақты қабылдаған көліктер саны тәулігіне орта есеппен 700-750-ге жеткен. Ведомство мәліметінше, бұл қазақстандық тараптағы көлік уақытша жиналуына негізгі себеп болған.
