Кентаудан кәсіпкерлер саны артып келеді

Dalanews 05 мау. 2017 06:58 234

Елбасы әрқашан шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсету керек екенін айтады. Келешекте кәсіпкерлер өркениетті капиталистік елдердегідей ел экономикасының негізіне айналады. Міне, мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары 100 нақты қадамдағы» тапсырмасына сәйкес, Кентауда кәсіпкерлер үлесі артып келеді. Биыл шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 3348-ге жетіп отыр. Олар 2436 миллион теңгеден астам қаржының өнімін өндіріп, қызметін көрсеткен. Әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қызу қолдау көрсетілуде.

Кентау тау-кен өндірісіне негізделген қала болғанымен, мұнда ауыл шаруашылығы ұмыт қалмаған. Егіс көлемін игеру мақсатында 2650-дей гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 46 гектарға қарқынды алма бауы отырғызылды. Ал, 350 гектар  жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. Жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде биыл 2,0 гектар  өнеркәсіптік және 7,2 гектар  фермерлік жылыжай құру жоспарланды. Бүгінде 1,7 гектар  жылыжай салынып бітті. Және ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін дамыту үшін «Исмет ата», «Ынтымақ», «Құсшы Ата» және «ES-Marya» кооперативтері құрылды.

Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту мақсатында 885 жеке тұрғын үйге арналған «Болашақ», «Батыс» және «Жұлдыз» мөлтек аудандарының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x