Келес ауданында жаңа кәсіпорын жұмысын бастады

Dalanews 30 қар. 2018 10:29 843

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауы арқасында Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Алтынбаев Өмірсерік Әлібайұлы өз қаржысы есебінен «Qagaz» атты шағын цех ашылды.

Шағын кәсіпорын 7 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Цехтың негізгі қызметі шаруашылық сабыны және дәрет қағазын шығарумен айналысады. Бұл жобаның негізгі мақсаты қалдықтарды қайта өңдеу арқылы күнделікті қолданатын өнімдермен аудандық нарықты қамтамасыз ету болып табылады. 0,13 га жер көлемін құрайтын кәсіпорынның жалпы құны 40 млн теңгені құрайды.

Шаруашылық сабынының жобалық қуаттылығы 1 күнде 1000 дана сабын шығарса, жылына 400 000 дана тауарды халық игілігіне береді. Ал дәрет қағазының 1 күндік қуаттылығы 4000-5000 дана шамасында болса, жылдық қуаттылығы 1,5-1,9 млн шамасында болады.

Негізгі тауарды тұтынушылар Келес ауданы аумағы, Шымкент қаласы және Қызылорда облысына жөнелтуде. Алдағы уақытта Тәжікстан, Ауғанстан сынды елдерден сұраныс түсуіне байланысты өнім қуаттылығын арттырып шет мемлекеттерге экспорттауды жоспарлап отыр кәсіпорын иесі. Келес ауданының әкім Ақментай Есбаев аталған кәсіпорын иесі Өмірсерік Әлібайұлын қабылдап, жобаларымен танысып шықты. Алдағы уақытта кәсіпкерлік нысанының дамуы үшін әкімдік тарапынан барынша қолдау болатынын атап көрсетті.

 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар