Kazakhmys Distribution Кеңгір су қоймасының гидротехникалық нысанын мемлекетке қайтарды

Кәмшат Тілеухан 21 ақп. 2025 10:17 417

Kazakhmys Distribution Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылымдарын мемлекетке қайтарды. Қолдан қолға өткізіп беру процесі сыйға тарту шартымен тіркелді, деп жазады Dalanews.kz.

Мүлікті қайтару үшін облыс прокуратурасы Су ресурстары министрінің атына ұсыныс енгізді.

"Прокурорлық қадағалау актісін орындау мақсатында сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылды. Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет", делінген Ұлытау облысы прокуратурасының 2025 жылғы 21 ақпандағы хабарламасында.

Ұлытау облысының игіліктерінің бірі, сондай-ақ энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі Кеңгір су қоймасы болып табылады.

Су қоймасы 1952 жылы салынған (жалпы көлемі - 319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс. Өз кезінде бұл объектілер қала құраушы кәсіпорын "Kazakhmys Distribution" ЖШС балансына берілген.

Бұл нысанның мемлекет қарамағанына өткелі жатқанын Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024 жылдың күзінде айтқан болатын.

"Кеңгір су қоймасы аймақтағы судың негізгі көзі болып табылады. Жергілікті тұрғындар судың сапасына, оның тиімсіз пайдаланылуына және экологиялық мәселелерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Нысандағы гидротехникалық құрылыстар апатты жағдайда. Су қоймасын мемлекет меншігіне қайтарғаннан кейін біз қордаланған мәселелерді шешу үшін ең алдымен көп факторлы зерттеу жүргіземіз", – деді министр ол кезде.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар