Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізі жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кеңес хатшылығының мәліметінше, бастамаға 17 мүше қосылған. Қаражат қаза болғандардың отбасыларына тікелей беріледі.
Андрей Лаврентьев пен Шахмұрат Мұталіп әр отбасыға 25 млн теңгеден бөлмек. Гаджи Гаджиев 100 млн теңге, ал Жұмабек Жанықұлов 50 млн теңге аударады. Қалған қатысушылар 1 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін қаржы бөледі.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Теңізге ағып кеткен 17 әскери қызметкердің 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Маңғыстаудағы трагедия: қаза тапқандардың тізімі жарияланды, екі адам әлі іздестіріліп жатыр