Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды, іздестіру операциясы аяқталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясы аяқталғанын хабарлады.
"Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түссіз жоғалған екі әскери қызметшінің - сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының сүйектері табылды", - деді министрлік өкілдері.
Министрлік қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Суға кеткен 17 әскери қызметшінің 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.
Осыған байланысты 25 қыркүйек - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қайғылы оқиғаға қатысты 12 сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, трагедияға байланысты күдіктілер анықталды.