KASE: Қарашада индекстелген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі 18,4 млрд теңгеге ұлғайды

Кәмшат Тілеухан 13 жел. 2024 14:47 425

Қараша айында KASE индексі 6,0%-ға өсіп, айдың соңына қарай 5 524,76 тармақты құрады. Индекстелген акциялар бойынша жасалған мәмілелер көлемі 18,4 млрд теңгеге жетті, бұл - қазан айындағы көрсеткіштен 6,3 млрд теңгеге жоғары деңгей. Сауда- саттықтың ең үлкен көлемі "Қазақтелекомның" жай акцияларына тиесілі: 6,5 млрд теңге немесе индекстілген акциялар бойынша сауда-саттықтың жалпы көлемінің 35,6%-ы, деп жазады Dalanews.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) деректерге жүгінсек, қараша айының қорытындысы бойынша ең үздік өсім құнына 12,9% қосқан "Қазақстан Халық Банкі" акциялары бойынша тіркелді. Қаржылық есепке сәйкес, банктің 2024 жылғы тоғыз айдағы таза пайдасы 18,3%-ға,  яғни 638,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал таза пайыздық маржасы 6,3%-дан 7,1%-ға дейін өсті.

Айдың қорытындысы бойынша көшбасшы акциялар тізіміндегі екінші орында -12,5% нәтижеге ие "Қазақтелеком" акциялары. Қаржылық есеп бойынша аталған компанияның 2024 жылдың тоғыз айындағы табысы 5,0%-ға, яғни 364,3 млрд теңгеге дейін өсті, ал таза пайдасы 40,5%-ға, яғни 53,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Есептілік кезеңдегі үздік үштікті "БанкЦентрКредит" түйіндейді, оның акциялары 10,8%-ға өсті. Ұсынылған деретерге сәйкес, банктің 2024 жылғы тоғыз айдағы таза пайдасы 39,2%-ға, яғни 144,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал таза пайыздық кірістері 41,8% - ға, 212,8 млрд теңгеге дейін өсті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар