Қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 25,5 трлн теңгеге жетті

Қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 25,5 трлн теңгеге жетті
pixabay.com

Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25,5 трлн теңгеге жетті. Бұл 2026 жылға жоспарланған республикалық бюджет кірістерінен (22,9 трлн теңге) де кө, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық банктің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері халыққа берілген несие портфелі 2,8%-ға өскен.

Қазіргі таңда тұтынушылық несиелер көлемі 17,1 трлн теңгені, ал ипотекалық қарыздар 7,3 трлн теңгені құрайды.

Статистикаға сәйкес, елдегі әрбір тұрғынның, соның ішінде нәрестелердің үлесіне шаққанда, банктер алдындағы орташа қарыз көлемі 1,1 млн теңгеден келеді.

Сонымен қатар мерзімі өткен берешегі бар несиелердің көлемі 1,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл халыққа берілген барлық қарыздың 4,9%-ын құрайды.