Журналист Сәбит Рысбаев Рамазан айында ауызашарға шақыратын кей адамдар жайлы өз ойын айтты. Оның айтуынша, көпшілік жағдайда ысырапшылдық болып жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz
Журналист бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Ораза айы ғой. Ауызашарға барамыз. Бір түрік танысым бар. Үйіне шақырғанда алдымен жеңіл сорпа береді. Оны аз ғана құяды. Дастарханда жеңіл салат. Артынан екіншісін әкеледі. Оны да әркім керегін салып алады. Кішкене тәттісі болса болды. Болмаса шәй береді. Не әкелсе сол желінеді. Ана түріктің фирмасы бар. 4-5 пәтері бар екенін білемін. Білмейтінім бір төбе болар. Асқазанды да қинамайсың рахат.Бір сіңір танысым бар. Ол пәтер жалдамайды. Пәтер жалдауға да ақша керек қой. Бөлме жалдайды. 3 жанұя 3 бөлмелі пәтерді жалдайды. Солай бөліп төлейді. Ондай жанұялар Астанада көп. Айтпағым басқа. Осы сіңір танысым да ауызашарға шақырады. Ойбай оның дастарханы масқара. 3-4 түрлі салат. Самса және тағы басқа. Ет әкеледі. Артынан дастарханды жаңартып тәттілері мен торты келеді. Қарап тұрсам, байлардың дастарханына қарағанда кедейдің дастарханы артық заман болды.Қазір құдалық дегенге бармай кеттім. Бұрын оны да көргенмін. Кафеде стақан қоятын орын болмайды. Сорпа, ет асады, артынан кәуап әкелген. Одан шығып нағашылары бір үйге дастархан жайған екен. Соған барды. Одан шығып әкесінің туыстары кафе жалдаған екен. Олар күтті. Соңғы 2 дастарханның 10%-ы да желінбеді. Асқазандары резеңке емес қой. Не деген ысырап біздікі дейтінмін. Той-мой, жиын, ас - бәрі осылай өтеді. Бай қазақ та, кедей қазақ та жыртыла береді. Бара-бара бұл асқынып жатыр", - деп жазды Сәбит Рысбаев.