Ауызашар кезінде уланудан сақ болыңыздар – СЭБК ескерту жасады

Самал Асқар 19 ақп. 2026 18:56

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қасиетті Рамазан айында ауызашар кезінде тағамнан уланудың алдын алу бойынша арнайы ұсынымдар жариялады,деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Ұжымдық және отбасылық ауызашар өткізу кезінде тағам өнімдерінің қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды», – делінген хабарламада.

Комитеттің ұсынымдары:

1.⁠ ⁠Жеке гигиена талаптары
– тамақ дайындау және ішер алдында қолды сабындап мұқият жуу;
– таза ыдыс-аяқ пен асүй құралдарын пайдалану;
– ЖРВИ, ішек аурулары немесе тері іріңді аурулары бар адамдарды ас әзірлеуге жібермеу.

2.⁠ ⁠Азық-түлік қауіпсіздігі
– өнімдерді тек ресми сауда орындарынан сатып алу;
– жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын тексеру;
– тез бұзылатын тағамдарды +2+6°C температурада сақтау;
– шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.

3.⁠ ⁠Дайындау ережелері
– ет, құс, балық, жұмыртқаны толық термиялық өңдеуден өткізу;
– дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмау;
– тиісті сақтау жағдайынсыз көп көлемде ас әзірлемеу.

4.⁠ ⁠Қауіпсіз су пайдалану
– қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
– тексерілмеген су көздерін қолданбау.

5.⁠ ⁠Жаппай ауызашар ұйымдастыру кезінде
– жеткілікті тоңазытқыш жабдықтарын қамтамасыз ету;
– тағам дайындау және тарату орындарында тазалық сақтау;
– өнімдердің айқас ластануына жол бермеу;
– қоғамдық тамақтану орындарын таңдағанда тек тексерілген мекемелерді пайдалану.

«Жүрек айну, құсу, іш өту, іштің ауыруы немесе дене қызуы көтерілсе, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Осы ұсынымдарды сақтау денсаулықты қорғауға және ауызашарды қауіпсіз өткізуге көмектеседі», – деп атап өтті комитет.

Еске салайық, Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove