QazaqGaz бен катарлық PIH Қазақстандағы газ жобаларын J.P. Morgan-ның қатысуымен қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"QazaqGaz" ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және PIH-тің қазынашылық басшысы Джордж Баракат J.P. Morgan басшылығымен кездесу өткізді.
Аталған компания делегациясының құрамында ТМД бойынша Инвестициялық банктік департаменттің басшысы Тимур Құнанбаев, Экспорт және қаржы агенттігінің басшысы Игнасио Маталобос Росике, J.P.Morgan Dubai вице-президенті Арсений Лобойко және EAF арнайы бөлімінің басшысы Ричард Уилкинс қатысты. Тараптар Қазақстандағы катарлық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан QazaqGaz-дың негізгі жобаларын қаржыландыру мүмкіндіктерін талқылады.
Басты назарда QazaqGaz-дың стратегиялық бастамаларын іске асыру үшін экспорттық несие агенттіктерінің (ECA-backed financing) қолдауымен қаржыландыруды пайдалану мәселесі болды.
Санжар Жаркешов компанияның өсуін жеделдету және оның әлемдік энергетикалық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру үшін инновациялық қаржыландыру тетіктерін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. J.P. Morgan компанияның ауқымды жобаларын жүзеге асыруға бағытталған қаржылық шешімдерді әзірлеу үшін QazaqGaz-бен ынтымақтасуға қызығушылық танытты.
Айта кетсек, J.P. Morgan & Co. немесе Моргандар - АҚШ-тың байырдан келе жатқан ірі қаржылық тобы. J.P. Morgan & Co. Рокфеллерлер тобы мен елдегі жетекші қаржы олигархияларының қатарына жатады.