Жыл соңына дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 21 млн тоннаға дейін жетеді

Dalanews 23 қыр. 2020 16:18 801

Таяуда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев «Қытай темір жолы» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфумен видеоконференцияға шығып, екі жақты жұмыс барысын талқылады. Онлайн кездесуде тараптар екі ал арасындағы жүк тасымалының белсенді даму динамикасын сақталғаны айтты.

– 2020 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан арасындағы шекара өткелдері арқылы жүк тасымалы 14,2 млн тоннаға жетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, жүк тасымалының 30%-ға ұлғайғанын байқауға болады, – деп атап өтті Лу Дунфу мырза. Екі жақ 2020 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Қытай арасында темір жол арқылы 21 млн тоннаға дейін жүк тасымалданады деп күтілуде.

Видеоконференцияда тараптар алдағы уақытта жүк тасымалын ұлғайту үшін «Достық –  Алашанқай» және «Алтынкөл – Қорғас» шекара өткелдеріне баса көңіл бөлінетіні айтылды. Осы ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Достық» стансасын дамыту, жаңғырту жобаларын қолға алатындарын ал,а тартты.

– «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2020-2025 жылдар аралығында «Достық – Мойынты» транспорттық темір жол дәлізін дамытудың алғашқы кезеңін жүзеге асыратын боламыз. Жоба аясында темір жолдар мен бірқатар темір жол инфрақұрылымы нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа жекелген учаскелердің де жұмысын жандандырамыз, – деді Сауат Мыңбаев.


Болашақта осы қолға алынған жұмыстар шекаралық аймақта пойыздарды өткізу мүмкіндігін арттырып, Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын жандандыратын болады. Сонымен қатар жоба аясында еліміздегі контейнерлер тасымалдайтын пойыздардың мүмкіндігін арттырып, 2025 жылы «Достық» стансасының жүк қабылдау мүмкіндігін 1 миллионға дейін жеткізу көзделінуде.

Онлайн кездесуде тараптар «Нұрлы жол» бағадарламасы мен «Бір белдеу – бір жол» бастмасы екі ел арасындағы жүк тасымалын арттыруға мүмкіндік бергені айтылды. Сонымен қатар бұл бағытта екі жақтың бірлесіп қолға алған жұмыстары тарсапорт және логистика саласында жаңа өнімдердің пайда болып, ел экономикасының дамуына айрықша ықпал ететіні сөз болды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы Баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар