Жетісуда 17 жыл сенімге кірген бақташы 46 млн теңгенің малын ұрлаған

Сағыныш Сардарова 22 сәу. 2026 13:29

Жетісу облысында 46 млн теңгенің мал ұрлығы ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны полицияға жүгінген. Оның сөзінше, жайылымнан 81 бас асыл тұқымды ірі қарасының 39-ы қайтпаған. Келтірілген материалдық шығын 46 миллион теңгеден асқан.

Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері бірден жедел іздестіру шараларына кіріскен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

"Малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташы күдікке ілінді. Жедел тергеу әрекеттері нәтижесінде оның қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық мал өз иесіне қайтарылды", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove