Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Ақтоты Жапатова 10 қыр. 2025 12:19

Жетісу облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алаяқтар өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон арқылы азаматтарды алдап соққан. Олар сенімге ие болғаннан кейін жәбірленушілерге ұялы телефондарына «AnyDesk» қосымшасын орнатуды ұсынып, қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз еткен.

Осылайша, қылмыскерлер азаматтардың банктік қосымшаларын пайдаланып, олардың атына несие рәсімдеген.

Тергеу барысында еліміздің әр өңірінен 40-тан астам тұрғынның зардап шеккені белгілі болды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 70 миллион теңгеден асты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар