Freedom Inside '26

Мейрамбек Беспаев асыға күткен қуанышты хабарын елге жеткізді

Мейрамбек Беспаев асыға күткен қуанышты хабарын елге жеткізді
ашық дереккөзден

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматыда мәдениет саласының бірқатар өкіліне мемлекеттік наградалар табысталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен берілген марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.

Мейрамбек Беспаевтың қуанышты жаңалығын оның өнердегі әріптесі әрі жақын досы Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Сүйінші! Мейрамбек досым "Парасат" орденімен марапатталды. Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын! Жаса, қазақ өнері!" – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да әншінің қуанышына ортақтасып, Мейрамбек Беспаевқа жылы лебіздерін арнады. Олар өнер иесіне шығармашылық табыс, зор денсаулық және абырой тіледі.