Жетісу облысында кәсіпкерлерден 5 млн теңге алған салықшылар жазаға тартылды

Кәмшат Тілеухан 20 там. 2025 11:14

Жетісу облысы Ескелді ауданының прокуратурасы кәсіпкерлерге жер телімдерін пайдаланғаны үшін артық мөлшерде салық төлемдері есептелгенін анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Прокурорлар Мемлекеттік кірістер органы Салық кодексінің 505-бабын бір шаршы метрге 0,48 теңге базалық мөлшерлемемен қолданудың орнына мәслихаттың 0,81 теңге ставкасымен күші жойылған шешімін басшылыққа алғанын анықтады.

"Қадағалау актісі бойынша кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 91 кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сома ақшалай қаражаты қайтарылды", делінен құзырлы ведомство хабарламасында.

Бұған дейін сайтымызда "Блогер Әлішер Елікбаев салықтан жалтару ісі бойынша сотта жеңіске жетті" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар