Жетісу облысында аудандық сот төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаракөз Амантай 07 ақп. 2025 10:51 1296

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты тергеу басталғанын растады. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Антикор Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты жемқорлық күдігімен тергеу басталғанын растайды”, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Нұрлан Шаймерденов бұл қызметке 2021 жылдың желтоқсанында тағайындалған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар