Жетісу облысы әкімнің айтуынша, қазір облыс тұрғындарының саны 700 мың адамға жеткен, жер көлемі – 118 мың шаршы шақырымды құрайды.
– Алматы облысының құрамынан бөлінгенде өңірімізде экономиканың құрылымына, бюджет кірісінің аз бөлігі қалуына, тағы басқа объективті факторларға байланысты бірқатар көрсеткіштер төмендеген еді.
Дегенмен 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста барлық негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізіліп, облыс аймақтар арасында төртінші көрсеткіш көрсетті, – деп атап өтті Бейбіт Исабаев.
Айтқандай облыста биылғы жылдың 5 айында оң динамика арта түскен. Айталы, сауда 1,8 есеге, республикалық бюджеттің түсімдері – 2,8 есеге, құрылыс көлемі – 31,3%-ға, өнеркәсіп өндірісі – 14,1%-ға өсті. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 39,3%-ға жетті (ҚР – 36,5%). Биыл облыс бюджеті 486 млрд теңгеге жетіп, 16 пайызға өскен.