Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің құқықтық статистика интернет-порталында Екатерина Биволға қатысты іздеу туралы бағдар жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Екатерина Игоревна Бивол, 1990 жылы туған, оған қатысты іздеу ісі 1 қарашада Астанада тіркелген.

Іздеуді бастаған орган – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі, ал тікелей іздестіру жұмыстарын Байқоңыр аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ ориентировкада Биволдың ТМД елдерінің бірінің азаматы екені көрсетілген.
Бұған дейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.
