«Жас Алаштың» журналистері Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп берді

Dalanews 23 мам. 2022 12:27 953

Белгілі журналист Жарас Кемелжан «Жас Алаш» газетінің редакциясына жаңа күйімен келген Шәміл Әбілтайдың «Қаңтар қырғыны» деген күйін «Үтік басқан» деп өзгертіп бергендерін әлеуметтік желіде жария етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Редакцияға арнайы келген күйші Шәміл Әбілтай келіпті. «Қаңтар қырғыны» деген күйін шертіп, «Азамат Батырбаевқа арнадым» деді.

Күйді тыңдап болғаннан кейін «Жас Алаш» газетінің жауапты хатшысы Нұрымжан Мауытов:

– Қазақта «Көбік шашқан», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» деген күйлер бар. Сіздің күйдің аты «Үтік басқан» болсын, – деп ойын ортаға салды.


Бұған Шәміл аға қатты риза болып, орнынан тұрып қолын беріп тұрып рақметін айтты.

Осылайша «Жас Алаштың» редакциясында «Үтік басқан» деген күй қайта туды.

Елімізде орын алған әрбір саяси оқиға күйші Шәміл Әбілтайдың шабытын оятып, жаңа күй шығаруға итермелейтіні білігіл.

Айтлық, Шәміл Әбілтай Назарбаев президент болып тұрғанда оған да күй арнаған болатын. Бірақ күйші Қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаевқа арнаған күйін өртеп жібергенін айтқан-ды.  Сол кезде ол:

– Патша елмен бірге бола ма деген үміт болды, бізде. Мынадай жағдайдан кейін күйдің киесіне қалмайын деп өртеп жібердім. Күй – қазақтың бойтұмары. Бұрын Гете мен Бетховен де Нопалеонға арнап шығарма жазған. Кейін қатты ренжіп, өкінген деседі. Менің де көңіл-күйім осындай, – деген еді.


Күйші әлгі күйдің нотасын өртеп, Назарбаев туралы күйді ойдан шығарып тастағанын тілшілерге айтқан еді.

Есесіне 7 қаңтардағы Тоқаевтың үндеуінен кейін күйші жігерленіп, жаңа күй шығарған-ды.

– «Қаңтар қаһарманы» деген күйім өлгендерге тағзым, тірі қалғандарға рух беру үшін шығарылды. Менен «Шәміл, неше күйің бар?» десе бір ғана күйім бар деуім мүмкін. Ол – «Қаңтар қаһарманы». Қасым-Жомарттың атасына «Тоқай тағдыры» деген күймен құлпытас қойдым. 30-жылдары ашаршылық құрбаны болған ғой. Оның моласы да жоқ. Аштан өлген 4 млн адамның бірі, –  деген еді. Енді сол күй «Үтік басқан» болып өзгерді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар