Жапония 10 қаңтарда өткен үкімет отырысында Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар аясын тағы да кеңейтті. Бұл арада Ресей және басқа елдердің компаниялары экспортына қатысты тыйым туралы сөз болып отыр. Оған 335 позиция енеді, соның ішінде кран мен мотоцикл сияқты арнайы көліктерге арналған қозғалтқыш бөлшектерін, сондай-ақ Ресейдің өнеркәсіптік қуатын нығайтуға көмектесетін тауарлар да бар. Сондай-ақ олардың арасында бас кеңсесі Астанада орналасқан Da Group 22 атты қазақстандық компания да жүр, деп жазады Dalanews.kz.
Бұл туралы санкцияға қатысты Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің сайтындағы ақпаратта айтылады.
Ашық дерек көздерден белгілі болғандай, "Da group 22" ЖШС 2022 жылы құрылған. Ол электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен олардың қосалқы бөлшектері көтерме саудасымен айналысады. Бұл компания Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың санкциялар тізіміне де енген болатын. Ол кезде бұл мәлімтеке түсініктеме берген ҚР сауда және интеграция министрлігі Батыс елдерінің осы компанияға санкция салғалы жатқандарын алдын ала білгендерін, бұл ведомствоның сыртқы серіктестермен санкциялар мәселесі бойынша болған диалог кезінде айтылғанын нақтылады.
Бұл – санкцияға ұшыраған қазақстандық компанияға қатысты мәлімет.
"Сондай-ақ Жапония санкциясымен қару-жараққа қажетті капсаицин сияқты химиялық заттардың да экспортына тыйым салады", деп жазады Nikkei.com.
Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің сайтындағы ақпарат бойынша аталған санкциялар 23 қаңтардан бастап өз күшіне енеді. Оған сәйкес, ресейлік 11 жеке тұлға мен 29 ұйымның, үш банктің (ЦМРБанк, РФК Банк және Тимер Банк) активтері бұғатталмақ. Сондай-ақ, активтерді бұғаттау КХДР-дың бір азаматы мен грузиннің MRB Bank-іне де қамтиды.
Экспортқа тыйым Ресей Федерациясының 22 ұйымына және Ресей Федерациясының санкциялардан айналып өтуіне көмектесті деп күдікке ілінген басқа елдердің 31 ұйымына әсер етеді. Олардың қатарында БАӘ (1), ҚХР (18), Қазақстан (1), Қырғызстан (2), Түркия (8) сынды елдердің компаниялары бар. Бұл жағдайда шаралар 17 қаңтардан бастап күшіне енеді.
2024 жылы 31 қазанда сайтымызда "Ресейге қарсы жаңадан енгізілген санкция тізімінде қазақстандық компания да жүр" деген мақала жарияланған. Сөз етіліп отырған компания атауы бұл арада да аталады.