Көлікті рұқсатсыз айдап кеткен: Таразда жастар жол апатына ұшырап, 16 жастағы студент мерт болды

Көлікті рұқсатсыз айдап кеткен: Таразда жастар жол апатына ұшырап, 16 жастағы студент мерт болды
qazpress_kz

Таразда түнде болған жол апатынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz qazpress_kz-ке сілтеп.

Қайғылы оқиға түнгі сағат 03:10 шамасында болған. Көлік тізгінінде 15 жастағы жасөспірім отырған. Дерекке сүйенсек, ол әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, достарымен шыққан.

Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші көлікті басқара алмай, бетон бағанаға соғылған. Оқиға салдарынан Тараз политехникалық колледжінің 16 жастағы студенті көз жұмды.

Тағы бір жасөспірім аяғын сындырып алған. Ал көлікті жүргізген бала басынан жарақаттар алған. Оқиғаға қатысқандардың барлығы кәмелетке толмаған.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.