Қазақстанда туризмді дамыту мен елдің туристік әлеуетін насихаттауға 2026 жылы республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның ішінде блогерлерге, журналистерге және туризм саласының өкілдеріне арналған ақпараттық турларды ұйымдастыруға 168,8 млн теңге қарастырылған. Бұл туралы Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Қаржы маркетингтік жобаларға, халықаралық көрмелерге қатысуға, роуд-шоулар өткізуге, туристік мүмкіндіктерді ішкі және сыртқы нарықта жарнамалауға, сондай-ақ түрлі іс-шара ұйымдастыруға бағытталады.
Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі инфлюенсерлер мен шетелдік БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық турларға жұмсалмақ.
“Халықаралық және қазақстандық БАҚ, блогерлер, туризм индустриясының өкілдері және өзге де қатысушылар үшін ақпараттық турлар ұйымдастыруға 168,8 млн теңге қарастырылған”, – делінген жауапта.