Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Гулькевичи қаласының №1 мектебінде тоғызыншы сынып оқушысы пневматикалық қарудан оқ атты. Салдарынан екі оқушы жарақат алған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ресейлік БАҚ-тардың мәліметінше, мектеп ғимаратының ішінде болған. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.
Оқиғадан кейін жасөспірім қашып кетуге әрекет жасаған. Алайда полицейлер оны мектеп маңында ұстап алған.
Краснодар өлкесінің губернаторы аймақтық Денсаулық сақтау министрлігі мектепке психологтар жібергенін мәлімдеді. Мамандар оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетеді.
Қазір билік өкілдері жасөспірімнің қаруды мектеп аумағына қалай алып кіргенін анықтап жатыр.
Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев мектеп басшылығы мен күзет ұйымының жұмысына тексеру жүргізілетінін айтты.
Сонымен қатар өңірлік Білім министрлігінің арнайы комиссиясы муниципалитетке жіберілген.