Ресейге қарсы жаңадан енгізілген санкция тізімінде қазақстандық компания да жүр

Кәмшат Тілеухан 31 қаз. 2024 15:03 1819

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге озық технологиялар мен жабдықтарды жеткізумен айналысатын 275 тұлға мен ұйымға қарсы кезекті санкцияларды енгізді. Олардың арасында қазақстандық Kazstanex компаниясы да бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Kazstanex - өндіруші зауыттан жабдықтарды бүкіл әлемге жеткізумен айналысатын компания. Egov.kz сайтындағы мәлемттерге жүгінсек, аталған компания 2014 жылы тіркелген, оның құрылтайшысы және бірінші басшысы Василий Абрамов деп көрсетілген.

Uzorg.info. сайтында Абрамовтың санкциялар тізіміне енген өзбекстандық Uzstanex компаниясының да 100 пайыз иесі болып табылатыны айтылады. Компания 2018 жылдың шілдесінде Ташкентте тіркелген.

Бұған дейін Еуропалық одақ, АҚШ және Жапонияның санкциялар тізімдеріне GROUP 22, Elem Group және "KБР-Технологии" сынды қазақстандық компаниялар енген.  Сауда және интеграция министрлігі олардың барлығы 2023 жылдан бері жұмыс істемейтінін нақтылады, ал Alem Group-та бүгіндері тарату процесі жүргізіліп жатыр. Ал Kazstanex-ке қатысты Үкімет, әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар