Жантүршігерлік қылмыс: Рудныйда кісі өлтірді деген күдікпен екі жасөспірім ұсталды

Сағыныш Сардарова 24 қаң. 2026 13:15

Қостанай облысының Рудный қаласында кісі өліміне байланысты екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

23 қаңтарда көпқабатты үйдің кіреберісінен пышақ жарақатын алған 19 жастағы жігіттің сүйегі табылды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер марқұммен таныс болған. Алдын ала болжам бойынша қылмыс жеке қарым-қатынасқа байланысты жанжал салдарынан жасалған.

Еске салайық, бұған дейін Рудныйда кісі өлтіру дерегі бойынша екі жасөспірімге іздеу жарияланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove