Жамбыл облысында екінші ғасырға тиесілі ерекше жәдігерлер табылды

Сағыныш Сардарова 11 қаз. 2025 10:23

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Жайлаутөбе қалашығында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде ғалымдар олжаға тап болды, деп хабарлайды Dalanews.kz "Седьмой канал" телеарнасына сілтеп.

Телеарна мәліметінше, мыңнан аса керамика сынығы, сүйектен жасалған жебе ұштары, диірмен тастары мен есік ілмектері табылған. Археологиялық барлау кезінде 200-ден аса қорған анықталып, қазба жұмыстары барысында бекініс қабырғасы табылған. Оның ені - 4 метр, биіктігі - 5 метр.

"Сүйек, керамика сынықтарын сараптамаға жібереміз. Оларды ең төменгі қабаттан алдық. Қамалды нақтыладық", - деді археологиялық институттың жетекші ғылыми қызметкері Қуаныш Арынов.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысынан динозаврдың сүйегі табылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар