Полиция Шерзат ісі бойынша куәгерлерді де тексереді

Көркем Алдабергенова 10 қаз. 2025 16:20

Алматы облысының полиция департаменті Шерзат Болат (Полат) ісі бойынша төрт куәгердің әрекеттеріне тексеру жүргізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

5 маусымда істі қараған судья Ержан Жанұзақов Алматы облысының прокурорына Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгельді, Арлан Қазакенов және Юлдаш Рузбакиевтің іс-әрекеттерін тексеруді талап еткен жеке қаулы шығарған. 19 тамызда үкім мен қаулы заңды күшіне енді.

Tengrinews.kz ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында облыстық прокуратура сот қаулысында көрсетілген деректердің ақпараттарды есепке алу кітабына тіркелгенін растады.

"Тексеру жүргізу Алматы облысының полиция департаментіне тапсырылды", – делінген прокуратураның ресми жауабында.

Сот процесі кезінде Шерзат Полаттың туыстарының адвокаттары Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгельдіні жалған куәлік беру және қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша жауапқа тартуды талап еткен болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар