Қарағанды облысындағы кең ауқымды операция: 14 млрд теңгенің есірткісі тәркіленді

Сағыныш Сардарова 10 қаз. 2025 17:39

Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы күрес күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 тоннадан аса есірткі тәркіленіп, жеті есірткі зертханасы жойылған.

"Бүгінде басты қауіп – синтетикалық есірткілер. Дегенмен полицияның жүйелі әрі нәтижелі жұмыстарының арқасында олардың тәркілену көлемі 590 келіге дейін артты. Тәркіленген заттардың басым бөлігі - мефедрон мен альфа-PVP секілді синтетикалық есірткілер. Ақшалай баламада заңсыз айналымға түспеген есірткілердің жалпы құны - 14 млрд 750 млн теңге", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдин.

Полицейлердің жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі саудасына қатысы бар 45 адам ұсталған, олардың ішінде 32-сі - таратушылар, 13-і - ұйымдастырушылар. Тергеу кезінде өңіраралық байланысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі әшкереленіп, олардың 560 млн теңгеден аса заңсыз табысты заңдастырғаны анықталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар