Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасыру ісі бойынша аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Прокуратура Қылмыстық кодекстің 433-бабының 2-бөлігі (қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру) бойынша Байзақ ауданы полиция бөлімінің басшысының орынбасарына қатысты тергеуге дейінгі тексеру бастады. Ол ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, ауданда болған 10,7 млн теңге ұрлығына қатысты қылмыстық құқықбұзушылық туралы арызды бірыңғай тергеу реестріне тіркемей, қылмысты жасыруға тырысқан. Жиналған дәлелдемелер негізінде оның әрекеті ҚК 433-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы топ болып ауыр қылмысты жасыру) сараланды.
Күдікті полиция қызметкері Қылмыстық-процестік кодекстің 128-131-баптарына сәйкес ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды”, – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі жарияланған хабарламада.
Қазір тергеуге дейінгі тексеру жалғасып жатыр.