Жамбыл облысында алаяқ мүгедек кісінің пәтерін заңсыз сатып жіберген

Қаракөз Амантай 11 қар. 2024 14:53 1450

Жамбыл облысында алаяқ мүгедектігі бар тұлғаның пәтерін заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Жылжымайтын мүлік алаяқтығы көптеген адамдарға, әсіресе азаматтардың осал санаттарына әсер ететін өзекті және күрделі мәселе болып саналады.

Алаяқтар көбінесе құрбандарының мүлкін заңсыз иемдену үшін олардың сенгіштігі мен дәрменсіздігін пайдаланады.

«Тараз қаласының прокуратурасы психикалық ауытқушылықпен ауыратын 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады. 2023 жылдың маусым айында алаяқ оның жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қаласы, «Қаратау» мөлтек ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар