Freedom Inside '26

"Жағдайымыз қиын ба?". Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы туралы болжамын жариялады

"Жағдайымыз қиын ба?". Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы туралы болжамын жариялады
qazaqgreen.com

Дүниежүзілік банктің сәуір айында жарияланған "Жаһандық экономикалық перспективалар" атты баяндамасында 2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,5%, 2026 жылы 3,6% болатыны болжанады. Осылайша әлемдік қаржы институты Қазақстан экономикасы өсімін төмендету тұрғысында қайта қарастырған, деп хабарлайды Dalanews.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Айта кетсек, қаңтар айындағы болжамда 2025 жылға арналған бұл көрсеткіш 4,7%, ал 2026 жылғысы 3,5% деңгейінде сипат алған. Сондай-ақ Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2024 жылы еліміздің ЖІӨ өсімі 4,8%-ды құрап, 2023 жылғы 5,1%-бен салыстырғанда төмен деңгейде қалыптасқан.  

11 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 5,8% құрағанын мәлімдеген. Ұлттық Банкі 2025-2026 жылдары экономика өсімі 4,2-5,2% деңгейінде қалыптасады деп болжайды. Ал Азия Даму Банкі (АДБ) сәуір айындағы шолуда өзінің бұл тұрғыдағы болжамын төмендету тұрғысында қайра қарады: 2025 жылы - 4,9%  (2024 жылғы қыркүйекте бұл көрсеткішті 5,1% болады деп берген), 2026 жылы - 4,1%. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) сәуір айындағы шолуда 2025 жылы қазақстандық ЖІӨ өсімін 5,5%-дан 4,9%-ға дейін төмендету, ал 2026 жылға 4,1%-дан 4,3%-ға дейін көтеру тұрғысында қайта қарады. 2025 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның ЖІӨ өсімі 5,4% құрады. Тауарлар өндірісі мен қызмет көрсету секторында қарқынды динамика байқалды. Бұл ретте BCC Invest сарапшылары Қазақстан экономикасында "қызып кету" және құрылымдық тепе-теңдіктің бұзылуы секілді қауіп белгілер барын ескертті.