Іздеуде жүрген қазақстандық грек аралынан ұсталды

Сағыныш Сардарова 15 қар. 2024 10:21 509

Ішкі істер министрлігі іздеуде жүрген алаяқ грек аралында ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады.

2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

Қазір ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін психотроп заттардың аналогтарын сату мақсатында сақтаған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан аса ірі мөлшерде психотроптық заттардың аналогтарын сату мақсатында заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Астанада 2022 жылы желтоқсанда полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында одан 17 қапшық, аса ірі көлемде меткатинон тәркіледі. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

"Биыл қазанда күдікті Анталья қаласында ұсталып, кейін Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар