«Қазцинк» зауытындағы жарылыс пен өртке қатысты іс бойынша әзірге ешкім ұсталған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.
ІІМ вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында тергеу жалғасып жатқанын айтты.
«Әлі ешкім ұсталған жоқ», - деді вице-министр.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі бойынша, яғни «еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан екі және одан да көп адамның қаза табуы» фактісімен қозғалған.
Еске салайық, 5 мамыр күні Өскемендегі «Қазцинк» аумағында ірі өрт шыққан болатын. Кейін өрт толық сөндіріліп, оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасты. Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алған.
Кейін кәсіпорын өрт салдарынан екі адамның қаза тапқанын және бес адамның зардап шеккенін растады. ТЖМ өрттің аумағын нақтылап, дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берген.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті зауыттағы жарылыстан кейін ауа сапасына тексеру жүргізіп жатқаны белгілі болды.
Полиция департаменті екі жұмысшының қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұдан бөлек, оқиғаны тергеу үшін арнайы ведомствоаралық комиссия құрылмақ.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі «Қазцинк» маңындағы ауа құрамын тексерген.