Бүгін Өскемендегі "Қазмырыш" зауытында төтенше жағдай тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша түтінсорғышты тазалау кезінде жарылыс болып, артынша өрт шыққан және құрылымдардың бір бөлігі опырылған.
Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы нақтыланады.
Компания қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, олардың отбасыларына, сондай-ақ, зардап шеккендерге материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.