ІІМ "азаматтардың жеке дерегі сатылымға шығарылды“ деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді

ІІМ "азаматтардың жеке дерегі сатылымға шығарылды“ деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
ІІМ

ІІМ қазақстандықтардың жеке дерегі сатылымға шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қазақстан азаматтарының жеке дерегі сатылымға шығарылды" деген ақпарат қоғамда алаңдаушылық туғызғаны байқалды. Ішкі істер министрлігі осы ақпаратты тексерген.

"Бүгінгі таңда eGov порталына заңсыз кіру немесе қол жеткізу дерегі тіркелген жоқ. Сонымен қатар, мұндай хабарландыру жариялануы назардан тыс қалған жоқ. Қазір хабарландыруды жариялаған тұлғаны, ұсынылып отырған дерек қайдан алынғанын, сондай-ақ, оларды заңсыз алуға және таратуға қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік ешкім жауапкершіліктен жалтара алмайтынын мәлімдеді. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.