Гүлзира Айдарбекова бұған дейін ешкімге ашпаған сырын айтты

Гүлзира Айдарбекова бұған дейін ешкімге ашпаған сырын айтты
Фото-коллаж: ozgeris.info

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі туралы алғаш рет ашық әңгімеледі. Оның сөзінше, Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше рет құрсақ көтергенімен, тоғыз жүктілігі сәтсіз аяқталған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Продюсер алғашқы қайғылы жағдай ағасының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды естіген кезде болғанын айтты. Ол уақытта ұялы телефон болмағандықтан, ағасын іздеп Түркістанға қоңырау шалған.

"Іште баланы шетінеп кетті дейді ғой. Ағам қайтыс болған кезде Түркістанға телефон соқтым. Сөйтсем досының үйінде екен. Досының үйіне телефон соқсам орыс жеңгесі бар еді сол телефонды алды. Бірден "сіздің ағаңыз қайтыс болды" деді. Тіпті кім деп сұрамағанмын. Әр ағам көз алдыма елестейді, қайсысы екенін білмеймін. Ол кезде ұялы телефон жоқ. Қатты уайымдағаннан, жаман хабар естігеннен ішімдегі балам шетінеп кетті. Оны алып тастағаннан кейін қайта-қайта көтеремін, қайта-қайта түсіп қалады. Ол кезде жатырдың ойнамалы болып қалатынын білмегенмін. Сонымен бірден 6 сәби шетінеп кетті. Кейін бір орыс әйел "6 айдан 1 жылға дейін демал. Жатырың ойнамалы болып қалған" деді. Содан кейін Аянды көтердім. Аяннан кейін тағы да 3 аборт болды", – деді ол.